Адам Жегіш Малдар Пайда Болды - Жаға Ұстатарлық Жағдай!

BILGEN DURYS
BILGEN DURYS
Жарияланған 2.06.2021

Бәріңізге Ассалаумағалейкум!

Қарға тамырлы Қазақ жұрты әлмисақтан бері, төрт түлік малды серік еткеніндігін білетін шығарсыз. Төрт түлік малдың тілін тапқан ата-бабаларымыз, бірнеше ғасырдан бері түтінін түтетіп, жау шапса жылқыны серік етіп “Бәтіңкемді шешіп алып, басыңнан бір ұрайын ба!? ”деп, қарсы келген дұшпанды, бастырмалата қуып шыққандығы тарихтан белгілі. Әңгімемізді қамырша созбай, бірден іске көшелік. Жиырма тоғызыншы мамыр күні, Есболат есімді бауырымыз өзінің фейсбуктегі парақшасында, белгілі БАҚ өкілі болып саналатын Алмас Алтайтың, Маңғыстау өңірінде түсірген суретін жұртшылыққа ұсынады. Суретте өздеріңіз көргендей мөлдір көзді, Қамбар ата төлінің, аштықтан құр сүлдері қалғанын көресіздер. Негізінде бізге де осы суретке мән бермей, өз жөнімізбен жүрсек те болар еді. Бірақ жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, осы жағдай соңғы бірнеше жылдардан бері толассыз қайталануда. Яғни төрт түлік мал, жыл сайын тоқтаусыз, қырылуда. Маңғыстаулықтардың бұл сөздерін көршілес жатқан Атырау және Арал өңіріде қостайды. Төрт түліктің күнбатыста күн сайын қынадай қырылып жатқандығы, жағдаяттың көп уақыттан бері шешілмеген күйде қалуы, бізді терең ойға батырды. Осы мәселенің астарлы ақиқатын ашу үшін, шағын ізденістерді жүргіздік.
“Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында жылқы қырылып жатыр. Осы аудандағы Онды ауылының тұрғыны, азаматтық белсенді әрі журналист Жәнібек Қожықтың Азаттыққа мәлімдеуінше, бүгінде аудандағы қырылған жылқы саны 300-ге жуықтаған.” Деп, өткен жылдың жиырма төртінші желтоқсаны күні “Азаттық радиосы” кешенінің тілшілері дабыл қақты.
“Маңғыстау облысында белгісіз індеттен түйелер жаппай қырылып жатыр. Жергілікті тұрғындардың есебі бойынша өңірде соңғы 2 айда 100 - ден астам ойсыл қара тұқымы арам өлген. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, бұл ақпаратты жоққа шығарып, шығын көлемі небәры 8 түйе екенін алға тартты. Қазір сараптама жұмыстары жүріп жатыр. ”бұл хабар 2019 жылдың 5 тамызында жарық көріпті. Осы хабардан 4 ай бұрын жиырма жетінші мамыр күні Жас-Қазақ сайты Маңғыстауда жан тапсырған төлдердің бейнематериалын ғаламторға жариялады. Екі мың он сегізінші жыл, ит жылында Маңғыстаулықтар үшін иттей ырылдатқан жыл болды. Сол жылы бірқатар кәсіпкерлер өздері әлпештеп отырған жылқыларынан айырылып қалыпты.
Өздеріңіз байқағандай Астана телеарнасынан қайта-қайта беретін Үнді сериалдары секілді, бұл апат жыл сайын қайталануда.
Баста сұрақ көп, жауап аз...
Алдымен осы пәлекеттің алдын алу үшін, оның не себептен болып жатқанын анықтауымыз керек. Жауап іздеу үшін осы өңірдің экологиясын, климатын тағы да басқа факторларын еске аламыз. Климат немесе ауа-райы жайлы айтатын болсақ, қазақстанның батысы, оңтүстік Қазақстан секілді түкірсең түкірігің жерге түспей, буланып кететін жазы ыстық, қысы суық, анау-мынау малдар шыдамайтын мекен. Алайда ауа-райы, өткен 19-20 ғасырларда ата-бабаларымызға емін-еркін малын бағуға кедергі болмаған. Тек жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап, жағдай қатты өзгере бастады. Өткен ғасырдың елуінші жылдарында, қасқа бас Хрущев Кеңестер одағында тың өндіру жұмыстарын бастап кетті. Суды дұрыс игермегенге байланысты, су ресурстары сауатсыз, ысыраппен қолданылды.”Хрущев пен тыңның не қатысы бар? Астық өндірген жақсы емес пе?”деп ойласаңыздар, біраз салдарды ескермеген боласыздар.
Сыр мен Әмудария сулары өз кезегінде ысырапшылықпен қолданылды. Соның салдарынан Арал суы тойға асыққан жеңгелеріміз секілді жым-жылас жоғалды. Нәтижесінде Аралдың Қазақстанға тиесілі жағындағы, шағын өзен-тоғандар тартылды. Кеңестер одағының осы жағдайды реттеу үшін жасаған, Арал маңына жаппай сексеуіл отырғызу немесе Сібір өзендерінің арнасын Аралға жасанды жолмен құю жобалары іске аспады.
Арал ол басы ғана. Батыс Қазақстан да билік өкілдерінің салғырттығына байланысты, көптеген экологиялық мәселелер жинала бере, критикалық жағдайға жетті. Дәлірек айтсақ.
1)Жайық өзенінің тартылуы. Арал суынан бөлек, Ақ жайығымызда су тапшылығын бастан өткеруде. Жаһандық жылыну мен Ресейдің жаппай гидроэлектр станцияларын салу салдарынан, Жайық суы 2019 жылы өз тарихындағы рекордтық ТӨМЕНГІ деңгейге жетті. Жайықтың бойына орыстар бақандай 19 гидроэлектр станцияларын салыпты, әлі де салып жатыр. Еее су мәселесіне келгенде, өкінішке орай география біздің жағымызда емес. Бұлай деуімнің өзіндік астары да бар. Ресейден бөлек шығыстағы Қытайда “Шыңжаңды игереміз” деп, базардағы картошник ағаларымыз картаны араластырғаны секілді, асқан жылдамдықпен көптеген инновациялық жобаларды іске асыруда. Кез-келген салынып жатқан құрылысқа тоқ керек. Ал тоқты мол әрі қауіпсіз алудың бір жолы, белгілі бір өзен бойына гидроэлектр станцияларын салдырту. Осы себепті алға тартқан Қытайлар Іле мен Ертіс суына бас салуда. ”Жау жағадан алғанда ит етектен алады ”сөзіне саяды.
2) Каспий теңізінің ластануы.
Теңіздің негізгі ластаушысы, әрине, мұнай. Мұнайдың ластануы Каспий фитобентосы мен фитопланктонның дамуын тежейді, көк-жасыл және диатомдар, оттегі өндірісін азайтады. Толығырақ Видеода...

Runtime 00:10:02

Қазақстан жері, Назарбаев, Токаев, Митинг Алматы, Митинг Шымкент, Митинг, Қой, Мал базар, Мал базар Шымкент, Жер сатылмасын, Жер, Жайылым жоқ, Мал қырылып, Жылқы қой сиыр ешкі қозы, Қанат Әлжаппаров, Сыныптас, Фильм қазақ,

Түсініктемелер: 532
Ұсынылған бейнелер
Жарнама берушілерге арналған
сіздің жарнамаңыз үшін орын.